Кеңес ал!
Мамандандырылған тәжірибе:
• Жобаларды басқару және тікелей инвестициялар саласында 12 жылдан астам тәжірибе.
• Мемлекеттік және квазимемлекеттік секторларды қамтитын тәжірибе.
• Ұлттық деңгейдегі жетекші компанияларда жұмыс істеген, оның ішінде:
• «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ;
• «Qazaqstan Investment Corporation» АҚ (бұрынғы атауы – «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ);
• «Қазақстан Инжиниринг» ұлттық компаниясы» АҚ;
• «Science and Technology Solutions» АҚ;
• «QazTech Ventures» АҚ.
Білімі:
• Экономика және басқару магистрі —
L’Institut des Hautes Études Économiques et Commerciales (INSEEC), Париж, Франция
Банк секторы, даму институттары және тікелей инвестициялар саласында 15 жылдан астам тәжірибесі бар. Бұған дейін «Жасыл технологиялар және инвестициялық жобалардың халықаралық орталығы» ҰАҚ жобаларды басқару департаментінің директоры, «BV Management» ЖШС инвестициялар департаментінің бас менеджері қызметтерін атқарған. Бұл компания — тікелей және венчурлік инвестициялар қорларын, соның ішінде «Baiterek Venture Fund» АҚ басқарушы ұйым. Сондай-ақ «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-да жобалар дирекциясы басшысының орынбасары және клиенттермен жұмыс дирекциясының аға банкирі, «Қазақстандық мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығы» АҚ-да жоба жетекшісі қызметтерін атқарған.
Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің (Алматы қ.) халықаралық экономикалық қатынастар факультетінің түлегі. Швейцарияның SBS бизнес мектебі (Цюрих қ.) мен ҚазЭУ жанындағы IBS халықаралық бизнес мектебінің бірлескен бағдарламасы аясында халықаралық қаржы және банк ісі саласында MBA дәрежесіне ие.